"Жетісай-Жібек Жолы" тасжолында жол апаты болып, салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Түркістан облыстық ПД мәліметінше, полиция "Жетісай-Жібек жолы" тасжолында 4 адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
– Жол апаты "ВАЗ" маркалы автомобильдің "Вольво" жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан болған. Оқиға болған жерде жүргізуші мен жеңіл автокөліктің үш жолаушысы қаза тапқан, – делінген ведомствоның Facebook-тегі жазбасында.
Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, ведомство өкілдері барлық мән-жайды анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және облыс жолдарында мұқият болуға шақырады.