Түркі елдерінің әйелдері бас қосқан жиын – Ләззат Рамазанова

Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, «Атамекен» іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының мақсатына тоқталды.

Осыдан 10 жыл бұрын гендерлік мәселе төрге шығады дегенде таң қалатын едік. Қазақстан әйелдері теңдікті емес, тең бәсекеге ие мүмкіндікті қалайды. «AMANAT» партиясының 60 пайыздан астамы әйелдер, оның өзі үлкен күш. Алайда оның арасында депутаттық мандаты бары өте аз. Біз осыны күшейтуіміз керек. Әйелдер қанатының басты мақсаты – осы. Мемлекеттік қызметкерлердің 55 пайыз үлесі әйелдер қауымына тиесілі. Десе де, шешім қабылдар сәтте аздығым тағы байқалады. Сол үшін де еліміздің көшбасшы партиясы дұрыс бағыт алды. Бүгінде әлеуметтік, мәдение мәселелер толығымен қамтылды.  Мүмкін әлі де үйінде баламен отырған қыз-келіншектеріміз бар, олардың шығуына өмірлік қиын жағдайлары тұсау болуы ықтимал. Әлі де шешілер дүниенің көптігін көрсетеді. Әйтсе де бүгін тұсауымыз кесілді, аяғымызға нық тұрдық. Осындай күшті көтере отыра, көп мақсатқа жетуге болады. Еліміздегі бизнестің 42 пайызын әйелдер қауымының қолында. Сондықтан осы екі күн бойы ұсынылған бизнес идеялар ертеңгі күннің бүкіл түркі әйелдердің экономикалық еркіндігіне, елінің өркендеуіне оң әсерін береді деп ойлаймын. Өйткені бұл жиын бүкіл түркі халқы әйелдерінің басын қосты,  –дейді Ләззат Рамазанова.