Басқа әйел алып, кетуіңе болады: Майра Мұхамедқызы күйеуіне өзі рұқсат бергенін айтты

Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы алғаш рет көпке бұрын-cоңды айтылмаған құпиясын ашты.

Майра Мұхамедқызы бұл туралы тележүргізуші Дана Нұржігітке берген сұхбатында әңгімеледі, деп жазады Aikyn.kz

«20 жыл. Бала болмаған кезде де мен сөз бердім. Өліп кетсем де саған туып бере аламын деп. Мен рұқсатымды бердім, егер мен бала туа алмасам, сен басқа әйел алып, кетуіңе болады. Мен махаббатымды қиямын дедім. Ол айтты: «Өмірдің мақсаты, мәні әрине бала. Бірақ біздің махаббатымыз бар ғой деді. Ол бала — Алланың қолында деді. Алла берем десе береді, бермеймін десе бермейді. Ол біздің құзырымызда емес. Біздің денсаулығымыз да, бәрі жақсы. Бірақ бермесе, оған кім кінәлі? Сондықтан мен түсінемін, бәрі бір Алланың қолында деді. Сен тастамасаң, мен сені тастамаймын деді», — деп жауап берді опера әншісі.