Қазақстан Президенті Мажарстанға мемлекеттік сапармен барды

Қазақстан Президенті Мажарстанға мемлекеттік сапармен барды
Сапар аясында Мемлекет басшысы Мажарстан президенті Тамаш Шуйокпен және премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөз жүргізеді.

Будапешт әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты премьер-министр Виктор Орбан қарсы алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Мажарстан президенті Тамаш Шуйокпен және премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөз жүргізіп, екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту перспективасын талқылайды.

AMP

 Сонымен қатар Президент Мажарстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.

AMP

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.