«Жасыл Аймақ» мекемесінің 600-ден астам жұмысшысы жалақы алмаған

Қыркүйек айындағы қарыз 144 млн теңгеден астам соманы құраған.

Талдау барысында Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы «Жасыл Аймақ» ШЖҚ РМК 600-ден астам жұмысшыларының жалақысын төлемеуі салдарынан олардың құқықтарының бұзылғанын анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

"Қыркүйек айындағы қарыз 144 млн теңгеден астам соманы құраған", - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде жұмыскерлер алдындағы берешек толық көлемде өтелді.

Жол берілген бұзушылық үшін лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.