"Қазгидромет" РМК 21-23 қарашаға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кезекті солтүстік-батыс циклоны шығыс бағытта жылжып, Қазақстан аумағына ауысады, сол себептен жауын- шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі, кей уақыттарда қатты жауын-шашын болады, көктайғақ құбылыстары күтіледі, еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады деп болжанады. 22 қарашадан бастап Сібір антициклоны республиканың батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына жауын-шашынсыз ауа райын алып келеді. Республика бойынша тұман мен екпінді жел де күтіледі.
Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.