Будапешт қаласындағы Король сарайында Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті

Будапешт қаласындағы Король сарайында Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
Тоқаевты Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан қарсы алды.

Мажарстанға мемлекеттік сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Будапешт қаласындағы Король сарайының Арыстандар алаңында ресми қарсы алу рәсімі өтті,  деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан қарсы алды.

AMP

AMP

Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген  соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Содан кейін Құрмет қарауылы мен салт атты гвардия салтанатпен сап түзеп өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.