Әйелімнің есімінің бас әрпі: Төреғали Төреәлі ТТТ-ның құпиясын ашты

Танымал әнші Төреғали Төреәлі кезекті концерттерінің біріне келіп, сұрақ қойған қарияға қалай жауап бергенін айтты.

Ол өзі жасап алған «ТТТ»-ны түрліше жорамалдаған халыққа жауап берді, – деп жазады Aikyn.kz

«ТТТ – сөзіндегі “ТТ” – Төреғали Төреәліұлы деген екі сөздің бас әрпі екенін көпшілік білсе де, үшінші “Т”-ның шешімін біле бермейді. Дегенмен, ел ішінде әркім өзінше расшифровка жасап жүр. Біреулер туған жері Төретам деген сөздің бас әрпі десе, біреулер туған әйелі — Толқынның бас әрпі депті.

Руым да Әлімнің ішіндегі Татыраны ғой. Қызылорда қаласында өткен концерттерімнің бірінде, залдан бір қария шығып батасын беріп болып: саған, бір сұрағым бар еді. ТТТ дегендегі үшінші “Т” Татыран деген сөз деп естіп едім, сол рас па? – деді.

Мен: “Жоқ, ата, үшінші “Т” Татыран деген өтірік. Бірінші “Т” – Татыран, – дедім.

Атам жүзі жадырап, бір қуанып қалды. Шамасы, аталасым болса керек. Жүзге бөлінгенім емес, жеті атасын білмеген жетесіз дейді ғой", – деп жазған өнер иесі.

Негізі, ол мұны ешкімге айтпағанын да атап өткен.

"Атам қайдан естіді екен. Шынымен, үшінші “Т” – Айдарбектің 4 баласының бірі Татыран атамның есімінің бас әрпі болатын», – деп жазды ТТТ.