Оқ атудан Қазақстан құрамасының спортшысы Никита Чирюкин Азияның жаңартылған ASC рейтингінде бірінші орынға ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Чирюкин 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен оқ атудан 1500 ұпай жинап, көшбасшылық орнын сақтап отыр.
Сонымен қатар, үздік ондыққа Қазақстан атынан Константин Малиновский де енді. Ол 50 метрден кіші калибрлі мылтықпен үш позициядан оқ ату бойынша бесінші орында.
Әйелдер арасында дәл осы дисциплинада Александра Ле жетінші орынды иеленді.
Ал Валерий Рахимжанов пневматикалық тапаншамен 10 метрден оқ ату бойынша рейтингтің бесінші сатысына орналасты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.