«Іштей суып, тынып жүретінімді біле жүріңіздер»: әнші Ерке Есмахан жан сырын ақтарды

Ауыр сөздерді сабырлықпен жеңгенімен, көңіліне тиетінін жасырмады.

Әнші Ерке Есмахан желіде өзіне жағымсыз пікір жазған оқырманға жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Ұйықтар алдында әлеуметтік желіні қарап отырып, бір видеодан өзім туралы мынадай пікірді оқып қалдым. Кім түсіндіріп бере алады маған? Не мағына береді? Ең әдемі қазақ қызы, міне. Жақсы-ақ адам сияқты. Өзі ғана сондай ма екен? Әлде құрбылары да сондай ма екен? Қысқасы, сөз жоқ. Тек сіздерге айтып қояйын дегенмін ғой. Неше түрлі адам болады. Біліп жүріңіздер”, – деді әнші оқырманының фотосын жариялап. 

Өнер иесі ауыр сөздер көңіліне тиетінін жасырмады. 

“Менде жүрек жоқ деп ойлап, сонша мені көре алмай, ішіндегі уын шашып, лас сөздер айтатын адамдарды Аллаға тапсырдым. Әр қиындықты, ауыр сөзді, мазақты күліп қарсы алып, сабырлықпен жеңгеніммен іштей суып, тынып жүретінімді біле жүріңіздер", – деп жазды Ерке Есмахан. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.