Есірткіден таза аймаққа айналмақ

Есірткіге қарсы күрес жүріп жатқанымен, оны саудалаушылар айылын жияр емес. Қарағанды облысында жыл басынан бері 332 есірткі қылмысы анықталып, 445 келі есірткі тәркіленді. Бұдан бөлек, екі жерасты фотолабораториясы жойылды. Сол сияқты есірткі бизнесімен айналысқандардың қызметі тоқтатылды, жылдық қаржы көлемі 2,5 млрд теңгеден асқан 16 күдікті ұсталды.

Есірткі сатушылар өздерінің жар­на­­масын үй сыртына жазып ке­те­тіні де бар. Ол жазбаны өшіру бірнеше уа­­­­қытты алады. Мысалы, қыркүйек айын­да Қарағандыда есірткі таралуына қарсы кү­рес пен салауатты өмір салтын наси­хат­тау­ға арналған ауқымды акция өтті. Іс-ша­раға 1 000-нан астам адам қатысты. Олар есірткі заттарының жарнамасы бар заңсыз граффитиді өшірді.

Акция барысында қатысушылар топ­тарға бөлініп, әр топ учаскелік полиция инс­пекторларының басшылығымен бел­гі­ленген секторларда жұмыс істеді. Нәти­же­сінде, қала аумағындағы 4 200-ден ас­там заңсыз жазу мен сурет өшірілді.

Қарағанды облысында жыл басынан бері 332 есірткі қылмысы анықталып, 445 келі есірткі тәркіленді. Бұдан бөлек, екі же­расты фотозертханасы жойылды. Сол сияқ­ты есірткі бизнесімен айналыс­қан­дар­дың қызметі тоқтатылды, жылдық қар­жы көлемі 2,5 млрд теңгеден асқан 16 кү­дікті ұсталды. Бұл – аймақаралық штаб­тың отырысында айтылған цифр. 

– Бұл бағыттағы жұмыстарды жан­дан­дыру мақсатында Қарағанды, Теміртау, Са­ран, Шахтинск және Балқаш қала­ла­рын­да еріктілер мен қоғамдық ұйым­дар­дың қолдауымен «СТОП-граффити» ұра­­­­нымен ауқымды акциялар өткізілді. 2024 жылдың 16 қазанына дейін 410 рейд жүр­гі­зіліп, 11 902 наркограффити боялды, – дей­ді Қарағанды облыстық полиция де­партаменті басшысының міндетін атқару­шы Жасқайрат Қайыров.

Заманауи технологиялар дәуірінде қыл­мыскерлер есірткіні тарату үшін әлеу­мет­тік желілер мен мессенджерлерді көбі­рек пайдаланады. Осыған дейін облыстық Полиция департаментінің өкілдері есірт­кі­ні жарнамалайтын 177 сайт пен парақ­шаны бұғаттаған.

Есірткіден емдеу мен оның алдын алу мә­се­лелері де басты назарда. Таяуда об­лыс­­тық психикалық денсаулық орталы­ғын­да газды хроматограф жұмыс істей бас­тайды. Денсаулық сақтау басқарма­сы­ның басшысы Бибігүл Төлегенова бұл құралдың көмегімен адамның ағзасында 100-ден астам есірткі түрін анықтауға бо­ла­тынын айтады.

Қарағанды облысының әкімі Ермаған­бет Бөлекпаев есірткіге қарсы профилак­ти­ка жоғары оқу орындарында, колледж­дер мен мектептерде қолжетімді формада жүр­гізілуі керектігін жеткізді. 

– Полиция қызметкерлері қала және ау­дан әкімдерімен бірге үнемі аулаларды ара­лап, есірткіні жарнамалайтын орын­дар­ды алдын ала анықтауы қажет. Ден­сау­лық сақтау басқармасы мектеп оқушылары мен студенттер арасында үнемі скрининг ұйымдастыруға тиіс. Облыстық диспансер жанынан анонимді кеңес беретін консуль­тациялық орталық ашу қажет. Аймақта есірт­кіге қарсы күрестің негізгі мақсаты – қоғамды есірткіге тәуелділікпен күресуге ша­қыратын қоғамдық қозғалыс құру ке­рек. Қарағанды облысы есірткіден таза аймаққа айналуға тиіс, – дейді Ермағанбет Бөлекпаев.

Қарағанды облысының прокуроры Бауыр­жан Мырзакеров «есірткі бизнесіне қар­сы күрес жалғасып жатыр» дейді. Об­лыс прокуратурасы есірткі бизнесімен күреске бағытталған «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасын жүзеге асыруда. Ведомст­воара­лық топ құрылған.

– Осы жұмыстың нәтижесінде есірткі заттарын насихаттайтын 7 мыңнан астам жар­намалық сайттар анықталып, бұғат­тал­ды. Есірткі заттарын белгілі жерлерде қал­дырушылардың көшелердегі жар­на­ма­лық жазбалары мен граффитилерін бояу шаралары қолданылды. Есірткіні жар­намалағандар үшін 55 қылмыстық іс қозғалды, оның 33 жоба аясында. Әлеу­мет­тік желілерде, оның ішінде 98 Telegram-каналдарда мазмұны заңға қайшы және заңсыз әрекеттерге шақыратын 174 сілтеме бұғатталды. Ауылдық жерлерде жаб­айы қарасораны анықтау және жою жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Жо­ба барысында Осакаров, Нұра және Қар­қаралы аудандарында 200-ден астам қа­расора бұталары жойылды, – дейді Бауыржан Мырзакеров.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы