Бір өңірде оқушылар мен студенттер қашықтан оқытуға көшірілді

Қостанайда көктайғаққа байланысты мектептер онлайн оқытуға көшірілді.

Қостанайда көктайғаққа байланысты мектептер онлайн оқытуға көшірілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. қалалық білім бөліміне сілтеме жасап.

"Ауа райына байланысты 21 қарашада Қостанай қаласының мектептерінде бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ колледждің бірінші ауысымдағы 1-2-курс студенттері де қашықтан оқытуға көшірілді, 3-4-курс студенттерін қашықтан оқыту туралы шешімді директер өзі қабылдайды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.