Адвокат Ләззат Ахатова өз қорғауындағы Әнару Қалдыбектің ісіне қатысты тергеу қалай жүргізіліп жатқанын айтып, жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Әнарудың ісіне келсек, тергеу органы жанын салып, істі жан-жақты зерттеп жатыр. Тергеуші де, полиция бөлімінің басшысы да жаңадан тағайындалған. Алайда Жанқош Тұраров кімге сеніп жатқанын білмейміз, күнде қырық сылтау айтып, шақырғанға келмейді. Біресе адвокаты қалада емес, біресе өзі “қатты ауырып жатыр-мыс”. Әйелі айтқандай, “аппақ” болса, келіп, өз уәждерін айтып, дәлелдерін ұсынбай ма? Осылар заңға пысқырмай, қай көкелеріне сенеді, өзі?!.. Мәжбүрлі түрде алдырту туралы талап қойдық", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.