"Өздерін полицей ретінде таныстырып, пәтер аралап жүр": ІІМ желіде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бір топ адамдар жеке куәліктерді тексеру және биометриялық деректерді жинау үшін пәтерлерді аралап, өздерін ішкі істер органдарының қызметкерлері ретінде таныстыратыны туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді қолдана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Тек ресми дереккөздерге сеніңіздер», – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.