Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, карантиндік фитосанитарлық қорытынды нәтижесіне сәйкес карантиндік зиянкестер табылған жоқ.
«Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) Shine Muscat нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш», - делінген мәліметте.