Адем Кула: Бірлік болмай, тірлік болмас

Түркі сауда-өнеркәсіп палатасының бас хатшысы Адем Кула «AMANAT» партиясының жанынан құрылған Әйелдер қанатының форумында әртүрлі елдердегі кәсіпкер әйелдердің басқосуының маңыздылығына назар аударды.

Оның пікірінше, мұндай кездесулер бір-бірін жақсы білуге, тәжірибе алмасуға және бірлескен бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.

Түркияның сауда-өнеркәсіп палаталары мен тауар биржаларының одағы, оның ішінде Әйелдер қанатының кәсіпкерлері ретінде шыққанымды мақтан тұтамын. Сіздерге қысқаша Түркияның сауда палаталары және тауар биржалары жайында ақпарат берсем деймін. Түркияның сауда палаталары және тауар биржалары одағының жанындағы өнеркәсіптегі әйелдер құрылымы 2007 жылғы 29 қарашада құрылды. 29 қараша – Түркия үшін ерекше күн. 17 жылдық тарихы бар одақ, кәсіпкер әйелдердің дамуына, өркендеуіне мүмкіндік береді. Себебі, бұл мекеме – Түркия бойынша әйел кәсіпкерлерінің бір ортаға жинайтын жалғыз одақ. Сонымен қатар, 2009 жылдары басшымыз, Түркия палаталары мен тауар биржалары одағының президенті Рифат Хисарджиклыоглуның бастауымен жастарға арналған бөлек одақ құрылды. Қазір одақта Түркияның 81 ауданы бойынша 15 мың кәсіпкер мүше. Әсіресе, жас қыздар үшін өзінің өнеркәсібін дамыту жолында көмек көрсетілуде. Мәселен, жан-жақтағы түрлі халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, олардың дамуына деген мүмкіншілік жасалып отыр. Мысалы, Coca-Cola компаниясымен бірлесіп, тамақ және сусын секторындағы қыз-келіншектерді дамытуға арналған алаңы ашылды. Ауқымды форумдар ұйымдастырылып, пікір бөлісіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды. Тіпті кәсіпкер әйелдер арасында ерекше жарыстар өткізіліп, үлкен дүниеге қол жеткізілді. Түйіндей келсе, біз – жаңашылдыққа ашықпыз. Бүкіл әлем – әйел затының қолында. Бәріміз біріксек, үлкен күшке айналамыз. Сол себепті бәріміз бірігуіміз керек. «Бірлік болмай, тірлік болмас», – дейді Адем Кула.

Еске салсақ, биыл «AMANAT» партиясының жанынан құрылған Әйелдер қанатының құрылғанына бір жыл толып отыр.