Балуандар әлем чемпионатында бір алтын, екі қола медаль жеңіп алды

Жарыс 24 қарашаға дейін жалғасады.

Армения астанасында халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қамқорлығымен әскери қызметшілер арасында күрестен 37-ші әлем чемпионаты өтуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кілемдегі тартысты белдесулердің кейбір нәтижелері қазірдің өзінде белгілі болды. АОСК балуандары еркін күрестен алтын медаль, сондай-ақ грек-рим және әйелдер күресінен екі қола медаль ұтты.

Ресей, Моңғолия және Иран балуандарымен жекпе-жекте өзінің артықшылығын көрсетіп, Үнді спортшысымен шешуші жекпе-жекте 6:2 есебімен жеңіске жеткен ефрейтор Мейіржан Әшіров 70 келі салмақ дәрежесінде еркін күрестен әлем чемпионы атанды.

Грек-рим күресінен колумбиялық балуанды жеңген кіші сержант Айдос Сұлтанғали (60 келі) қола жүлдегер атанды.

ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Светлана Анкичева (50 келі) да қола жүлде алды алды. Швейцария мен Моңғолиядан келген спортшыларға есе жіберген ол қола жүлде үшін шешуші жекпе-жекте АҚШ өкілін 10-0 есебімен жеңді.

Жарыс 24 қарашаға дейін жалғасады. Оған ҚР Қарулы күштерінің 19 балуаны қатысып жатыр.