Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Жолды 22 қараша күні сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Ұлытау, Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарында көлік қозғалысы шектелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлытау облысы

2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда-Павлодар" автожолының 756-788 шақырым аралығында (Қарағанды облысының шекарасы – Жаңаарқа ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Қарағанды облысы

2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

– "Қызылорда-Павлодар" автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы);

– "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" автожолының 231-324 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы).

Ақмола облысы

2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 36-200 шақырым аралығында (Софиевка ауылы – Павлодар облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Павлодар облысы

2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

– "Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы" автожолының 1135-1367 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы – Атамекен ауылы);

– "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті ауылы);

– "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" автожолының 0-231 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы – Қарағанды облысының шекарасы).

Жолды 2024 жылғы 22 қараша сағат 07:00-де ашу жоспарланған.