Белгілі әнші Мақпал Исабекова әріптесі әрі жақын құрбысы болған Дильназ Ахмадиевамен араласпай кеткенін айтып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Aikyn.kz.
- Диля екеуміз ешқашан ұрысқан емеспіз. Өкінішке қарай, өмірде мұндай жағдайлар болып тұрады. Адамдар түрлі себептермен бір-бірінен алыстап кетеді. Ол маған істеген жақсылығын ешқашан ұмытпаймын, алғысым шексіз. Мен өзім жеке әнші ретінде шыққанда оның қолдауы ерекше болды. Ол сөзімен ғана емес, ісімен де қолдады, - деді ол.
Сондай-ақ Мақпал жолдарының екіге айырылуы уақытша ма, мәңгіге ме, білмейтінін айтты.
- Оның қолдауы мені алып қалды десем де болады. Ол өте жомарт жан. Менің жүрегім әрқашан да оны қолдайды. Бірақ қазір біздің жолымыз екіге айырылды. Бұл уақытша ма, мәңгіге ме білмеймін. Уақыт өзі бәрін реттейді, - деп жазды Исабекова.