Алматы облысында ер адам сүйіктісіне бензин шашып, өртеп жіберген

Полиция тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Алматы облысында жантүршігерлік оқиға болды. Ер адам бірге тұрып жатқан әйелін өртеп жіберген, – деп хабарлайды Aikyn.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бәйдібек ауылында ер адам бірге тұратын әйелімен ішімдік ішіп, кейін екеуі жанжалдасып қалған. Желідегі ақпаратқа сүйенсек, ер адам әйелге бензин құйып, өртеп жіберген. 

Полиция тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

– Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстың барлық мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр, – деп жазылған Алматы облыстық Полиция департаментінің Massaget.kz-ке жауабында.