Жел күшейеді: еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, кей өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Қазақстанның бірқатар облысында 23 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, кей өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді. 

Астанада тұман түседі деп болжанды. 

23 қараша түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстігінде тұман түседі. 

Сенбі Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде күндіз екпіні 15-20 м/с болады. 

23 қарашада Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. 

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с болады. 

Сенбі түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с болады. 

23 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Ертең түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанып отыр. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады. 

Сенбі Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады деп болжанып отыр. 

23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. 

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. 

Сенбі Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанды. 

23 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с болады.

Сенбі Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.