Уролог, андролог, хирург Илнур Аглиуллин кейбір тағамдар тестостерон деңгейінің төмендеуіне және жыныстық құмарлықтың әлсіреуіне әкелуі мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
lenta.ru сайты жазғандай, бұл тізімге дәрігер құрамында артық тұзы бар тағамдарды енгізді. Мысалы, консервілер.
Аглиуллиннің айтуынша, артық тұз тромбоз қаупін, қан қысымын арттырады және тестостерон концентрациясын төмендетеді.
Дәрігер сыра да құмарлықты төмендететінін айтты. Өйткені оны көп пайдалану ерлердегі эстроген деңгейін жоғарылатады және висцеральды семіздікке әкеледі.
Уролог сонымен қатар тәттілерді, майлы тағамдарды, соя, ақ ашытқы нандарын, нан өнімдерін, ысталған өнімдер мен қуырылған қытырлақ картоптарды, сондай-ақ кофеинді сусындарды тұтынуда абай болу керектігін айтты.