Алматы облысында ер кісі бірге тұрып келген әйеліне бензин шашып, өртеп жіберген

Алматы облысында жантүршігерлік оқиға болды.

Ер адам бірге тұрып жатқан әйелін өртеп жіберген, деп хабарлайды Aikyn.kz

Бәйдібек ауылында ер адам бірге тұратын әйелімен ішімдік ішіп, кейін екеуі жанжалдасып қалған.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, ер адам әйелге бензин құйып, өртеп жіберген. 

Полиция тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

– Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстың барлық мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр, – деп жазылған Алматы облыстық Полиция департаментінің Massaget.kz-ке жауабында.