Елордада 2024 жылдың ең үздік спорт комментаторлары мен журналистері анықталды, деп жазады Aykin.kz.
Байқауды Қазақстан футбол федерациясының экс-президенті Әділет Бәрменқұлов ұйымдастырған болатын.
БАҚ комиссиясы, Ермұхамед Мәулен бастаған арнайы жюри және Әділет Назарбайұлының дауыс беруімен үздік үш комментатор анықталды. Олардың қатарында «Бірінші бол» YouTube-жобасының резиденті Олжас Байбосын да бар.
ҚФФ бас хатшысы Андрей Дудин жеңімпаздарды марапаттап, ақшалай сыйақы табыстады:
- Әлімжан Асқар – 2 000 000 теңге;
- Ерсін Ерік – 1 000 000 теңге;
- Олжас Байбосын – 500 000 теңге.
Сондай-ақ федерация үздік спорт журналистерін де анықтады. «Бірінші бол» ақпараттық агенттігінің редакторы Бек Төлеуов үздіктердің қатарынан көрінді.
- Ербол Қайыров – 1 000 000;
- Есет Төлеш – 500 000;
- Бек Төлеу – 250 000 теңге.
Сонымен қатар «Бірінші Бол» медиа-жобасы жас комментаторларға арнайы марапат тағайындады. Осылайша «Жыл жаңалығы» номинациясы мен 500 000 теңге ақшалай сыйды QazSport телеарнасының комментаторы Айбек Намазбаев алды.