23 қарашада таңертең Алматы облысы Іле ауданындағы Жапек ауылында монша кешені отқа оранды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер моншаның екінші қабатындағы бу бөлмесі мен төбенің жанып жатқанын анықтады.
Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт жылдам сөндірілді. Қызыл жалын тараған аудан көлемі - 45 шаршы метр.
Зардап шеккендер жоқ.