Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді

Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық сейсмоболжау мониторингі орталығының мәліметінше, сейсмикалық құбылыс сағат 13.33-те тіркелген.

23 қарашада Қырғызстанда Рихтер шкаласы бойынша 5,3 балдық жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Эпицентр 10 шақырым тереңдікте орналасқан, оның координаттары 39,5 градус солтүстік ендік пен 71,74 градус шығыс бойлықта. Сейсмикалық белсенділік Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 290 шақырым және Қазақстан шекарасынан шамамен 170 шақырым қашықтықта тіркелген.

Мамандардың айтуынша, жер сілкінісі тербеліс тудырғанымен, айтарлықтай қирау мен зардап шеккендер анықталмаған.