«Үйленетін қыз іздеп жүрмін»: Нұрбек Оралбай қашан шаңырақ көтеретінін айтты

Айтуынша, сыңары Айбек отбасын құрған.

Бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, боксшы Нұрбек Оралбай тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында үйленуді жоспарлап жүргенін жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Айтуынша, сыңары Айбек отбасын құрған. Ал өзі жары болатын қызды әлі жолықтырмапты.

«Әлі ұнайтын қызды жолықтырған жоқпын. Айбек үйленген соң біз Олимпиадаға дайындыққа кірістік, себебі басты мақсат – Олимпиадаға қатысу. Медаль алу үшін тынымсыз жаттығу жасадық. Қазір қыз іздеп жүрмін, өйткені бұған дейін уақыт болған жоқ», – деді Нұрбек Оралбай.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.