Таразда прокуратура қызметкері ұсталды

Алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды.

Жамбыл облысында 23 қарашада прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

2024 жылғы 23 қарашада Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҰКК қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде прокуратура қызметкері алаяқтық күдігімен ұсталды. 

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас прокуратураның арнайы прокурорымен жүргізілуде. Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жариялануға жатпайды», - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.