Ақтөбе облысында жол апаты болды, адам шығыны бар

Жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысында жол апаты болып, бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz 

ПД мәліметінше, Солтүстік айналма жол автожолында Chevrolet автокөлігі мен MAN жүк көлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet жүргізушісі жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты.

«ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс атқаруда», – делінген ПД хабарламасында.

Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.