Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады

Биыл Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан дүйсенбіге түсіп тұр.

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 14, 15 және 16 желтоқсан демалыс болмақ, - деп жазады Aykin.kz. 

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 15 және 16 желтоқсан демалады.

Еске салайық, жаңа жыл қарсаңы, яғни 31 желтоқсан жұмыс күні болмақ. Жаңа жылдың алғашқы төрт күні — демалыс. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшінші қаңтар, яғни, жұмадағы жұмыс күнін жексенбіге ауыстыру туралы бұйрық шығарған. Ал 5 және 6 қаңтар — жұмыс күні.

7 қаңтарда Рождество мерекесіне орай, тағы бір демалыс бар. Әрі қарай жұмыс кесте бойынша жалғасады.