Павлодарда 10 күн бұрын жоғалған әйел табылды

Оны еріктілер анықтады.

Vita еріктілер ұйымының мәліметінше, іздеу шаралары барысында Анна Воронцованы туыстары мен еріктілер тауып алған, – деп жазады Aikyn.kz.  

Айта кетейік, әйел адам 14 қарашада Нұркин көшесінен болжам бойынша сапаржай аумағына шығып кеткен. Содан бері байланысқа шықпаған.