Қазақстан спортшылары шорт-тректен Италияда өткен турнирде екі алтын медаль жеңіп алды

500 метр қашықтықта Валерий Клименко күміс медаль иеленіп, екінші нәтиже көрсетті.

Қазақстан құрамасы шорт-тректен Италияның Бормио қаласында өткен Alta Valtellina Trophy халықаралық турнирінде үш медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Нәтижесінде біздің құраманың қоржынында екі алтын, бір күміс медаль бар. Нұртілек Қажығали 1000 метр қашықтықтағы жарыста жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, ерлер командасы эстафетада үздік нәтиже көрсетіп, турнирді бірінші орынмен аяқтады.

500 метр қашықтықта Валерий Клименко күміс медаль иеленіп, екінші нәтиже көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.