«Челси» 16 жастағы қазақ футболшысына көз тікті

Қазір ол Лонданда жүргенін растады.

Қазақстан жастар құрамасының (U19) және "Қайрат" клубының ойыншысы қазір Дастан Сәтпаев Лондонда жүр. Ол Instagram желісіндегі Stories-ке әйгілі Биг-Бэн сағатының фотосын жариялап, өзінің Лондонда жүргенін растады.

Лондондағы «Челси» клубының академиясына аттанды. Алматы футболының түлегі сынақтан өтеді. Содан кейін оның «Челси» академиясында қалу-қалмауы шешіледі.

Дастан Сәтпаев өткен маусымда QJ League турнирінің ең үздік ойыншысы атанып, кәсіби деңгейде "Қайрат" негізгі құрамында дебют жасады. Ол футболдан Қазақстан кубогы аясында "Ақжайық" командасына қарсы ойында (9:0) негізгі команда сапында өнер көрсетті. Сондай-ақ ол "Қайрат-Жастар" командасы құрамында Бірінші лигада бес матч өткізді.