Белгілі қазақстандық виолончелист Болат Тыныбеков 38 жасында мезгілсіз дүниеден өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы оның туысы Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.
"Менің ағам, белгілі виолончелист Болат Тыныбеков қайтыс болды. Соңғы кездері бір-бірімізді сирек көрсек те, оның талантына тәнті болатынмын, барынша қолдауға тырыстым", - деп жазды стористе туысы Айжан Түгелбаева.
Bolashaq қауымдастығы Болат Тыныбековтың мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
"Болат Тыныбеков — қазақстандық виолончелист және вокалист, Корольдік музыка колледжінің түлегі. Халықаралық конкурстардың лауреаты ретінде ол Қазақстан мен Еуропада белсенді концерттік қызмет жүргізіп, өз елін әлемдік сахнада танытқан", - делінген хабарламада.
Болат Тыныбеков 1985 жылғы 24 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мамандандырылған музыкалық мектебін бітірген.
"Болашақ" бағдарламасының түлегі, Лондондағы Корольдік музыка колледжінде профессор А.Боярскийдің сыныбында білім алған.
Алматы қаласында музыкалық мектепте сабақ берді.