«Қазгидромет» 26 қарашада еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің тау асуларында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте, сондай-ақ Түркістан қаласында да түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с.
Түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, тіпті кей уақыттарда 30 м/с-ға дейін жетіп, одан да асады.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Түнде Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 18 м/с.
Түнде Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Петропавлда да түнде және таңертең тұман болады.
Алматы облысының шығысында шығыстан жел соғады, екпіні – 18 м/с.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.