Партиялық бақылау мүшелерінің жиыны өтті

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық және Қарасай аудандық филиалдары жанындағы Партиялық бақылау комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Жиынға облыстық Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Аманкелді Сембаев пен аудандық комиссия мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде көрсетілген бірінші мәселе Қарасай ауданының тұрғыны облыстық Партиялық бақылау комиссия­сының төрағасынан көмек сұрап келген, яғни тұрғынның мәселесі жер дауы. Төраға аталған мәселені назарына алып, аудан әкімдігіне тапсырма берді. 

Екінші сұрақ бойынша аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров партияның аудандық сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2023 – 2027 жылдарға арналған Жол картасының аясында салынып жатқан нысандар бойынша баяндады. 

Ал үшінші мәселе Іргелі ауылдық округіне қарасты Көксай ауылындағы 11 квартал тұрғындарының жол ашу мәселесі бойынша ауыл әкімі Арман Қамалбек даудың туындау себебін толықтай түсіндіріп, аталған мәселенің уақытша шешілгенін жеткізді. Алайда мәселе сот процесінің шешімімен ғана толығымен шешілетінін айтып өтті. 

Комиссия мүшелері аталған мәселені толығымен тың­дап, Партиялық бақылау комиссиясының назарына алды. 

Сондай-ақ «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша 2024 жылы атқарылған жұмысы талқыланды. Осы арада аудан әкімінің орынбасары жоба аясында бірқатар ұсынысын айтып, комиссия мүшелері өз тараптарынан қолдау білдірді.  

Айта кету керек, күн тәртібінде көтерілген мәселелер толықтай қаралып, комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Отырыс аясында барлық  сұраққа жауап беріліп, тиісті шешімдер қабылданды.

Әсет ҚАЛИ