Елімізде тағы бір жол ақылы болуы мүмкін

Қазір еліміздегі жолдарда ұзындығы 3 200 шақырым болатын 17 учаске ақылы.

«Ашық НҚА» порталында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығын өзгерту жөніндегі жоба қоғамдық талқылауға шығарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Құжатта «Шымкент – Қызылорда» республикалық жолының 425,5 шақырымын ақылы ету ұсынылып отыр. Ол 4 желтоқсанға дейін талқыланады. 

Аталған жолда жеңіл көліктен шамамен 530 теңге, 32 орынға шейін автобус пен салмағы 5,5 тоннаға дейінгі жүк көлігінен 5 430 теңге ақы алынуы мүмкін. 

Қазір еліміздегі жолдарда ұзындығы 3 200 шақырым болатын 17 учаске ақылы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.