Астанада ЖОО студенттері екі күн онлайн оқиды

Астанада ЖОО студенттері екі күн онлайн оқиды
ЖОО шешімдері олардың академиялық саясатына сәйкес дербес қабылданады.

Астанада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы кеңесінің өтуіне байланысты 27-28 қараша күндері кейбір ЖОО студенттері сабақты онлайн оқиды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, 27-28 қараша күндері:

  • 4 ЖОО қашықтан оқиды;
  • 2 ЖОО сабақтарды ішінара қашықтан өткізетін болады;
  • 2 ЖОО студенттерді демалысқа жіберіледі (1-ші триместр);
  • 5 ЖОО дәстүрлі офлайн оқыту форматында қалады.

Бұл ретте жоғары оқу орындарының шешімдері олардың академиялық саясатына сәйкес дербес қабылданады.

Мектеп оқушылары мен колледж студенттері үшін сабақ әдеттегідей форматта өтеді.