Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жаттығу залына оралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Дзюдошы жаттығу барысында өзінің алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұлмен спаррингтік белдесу өткізді. Бейнежазбаны Елдос Сметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
60 келіде белдесетін спортшы бапкерімен белдесуде түрлі әдіс жасап көргенімен жеңіліп қалды.
«Алғашқы бапкеріммен 5 жасымда күресіп, ұта алмай жылап қалушы едім. Әлі күнге дейін ұта алмай келемін», - деп жазды Елдос Сметов.
Айта кетейік, Елдос Сметов Париж Олимпиадасынан оралғаннан кейін жерлестері сыйлаған көлікті алғашқы бапкеріне тарту етті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.