Көкшетау қаласында байланыссыз тәсілмен есірткі сатумен айналысқан азамат қолға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тінту барысында оның пәтерінен электронды таразы, арнайы жабдықтар және жалпы салмағы 1,5 келіге жететін мефедрон мен «аlfa-PVP» синтетикалық есірткісі тәркіленді.
- Қылмыстық әрекеттің дәлелдерін тереңдете зерттеу үшін күдіктінің телефоны тексеріліп, есірткі жасырылған орындардың нақты координаттары анықталды. Соның нәтижесінде 4500 доза есірткі айналымға түспей, дер кезінде тосқауыл қойылды, - делінген ақпаратта.
Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті бұған дейін отандық сериалдарға түскен.
Ол өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.