Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген 27 қараша күні су жаңа бейнебаянның тұсауын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бейнебаян "Киелі мекенім" әніне түсірілді. Еліміздің табиғаты мен рухани байлығы ерекше суреттелген бейнебаян Қазақстанның ең көрікті және қасиетті жерлерінде түсірілген.
– Бейнебаянда біз Қазақстанның бірегей табиғи ландшафттары мен бай мәдениетін паш етуге тырыстық. Мен Қазақстан әлемнің түкпір-түкпірінен туристер тартылатын орталығына айналатынына сенімдімін. Клип жайлы өз әсеріңізбен бөлісіңіздер және айналамызда әсемдік көп екенін ұмытпаңыздар!, – деп жазды әнші.