Ертеңгі күніме сенімсіз болдым: Ерке Есмахан көпшілікке жан сырын ақтарды

Белгілі әнші өткен өмірінен сыр шертіп, жалғыз қалған күндерін есіне алды.

Өнер иесі екінші рет тұрмысқа шыққанға дейін өмірінің күрделі болғанын жасырмады, – деп жазады Aikyn.kz

“Бәрін қайтадан бастауым керек. Менің қолымнан келеді. Арманымдағы өмірге қол жеткіземін” деп өмір сүрдім. Әр қиындықтың бір жеңілдігі барына сендім. Көп ұшып, дұрыс ұйықтамай, тамақты уақытылы ішпей, денсаулығым сыр берді. Өмірімде баланс болмады. Ақшаны жақсы тапсам да, ертеңгі күніме сенімсіз болдым", – деп жазды шоу-бизнес өкілі. 

Сондай-ақ жасы ұлғайған сайын ана атана алмай қаламын деген қорқынышпен өмір сүргенін де айтты. 

“Тек Мүслімнің анасы болып қаламын ба?", "Тағы да ана боламын ба?", "Екінші рет тұрмыс құра аламын ба?", "Мені шын сүйетін, қолдап, қорғайтын өмірлік жолдас кездеме ме?" деген ойдың жетегінде жүрдім. Ішкі жарамды жасыру үшін жылтырақ киіп, қаттырақ күліп, жалғыз қалудан қорқып, адам көп жерде жүруге әлек болдым", – деп жан сырын ақтарды Ерке.