Ақмола облысында бейтаныс ер адам такси жүргізетін әйелге шабуыл жасаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға 26 қараша күні Целиноград аумағында болған. Жүргізушінің айтуынша, жолаушы Қоянды ауылына алып баруды өтінген.
Айтылған жерге жақындап қалғанда ер адам әйелге шабуылдап, телефонын, ақшасын және көлігін тартып алған. Әйел жақын елді мекендегі полицияға барып, болған жағдайды айтып, шағымданды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр. Күдіктіге қатысты бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.