Доллар бағасы тағы қымбаттап, 525 теңгеге дейін жетті

Түске дейін доллар 513,20 теңгеге сатылып, сатып алу құны 505,10 теңге болған еді.

28 қарашада еліміздегі валюта айырбастау пункттерінде доллар бағасы күрт қымбаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін түске дейін доллар 513,20 теңгеден сатылып, сатып алу құны 505,10 теңге болған еді. Ал қазір 525 теңгеден сатылып жатыр.

Сағат 14:30-дағы жағдай бойынша сатып алу-сату бойынша доллардың орташа бағамы:

  • Астана: сатып алу – 519 теңге, сату – 525 теңге;
  • Алматы: сатып алу – 519 теңге, сату – 525 теңге;
  • Ақтау: сатып алу – 511 теңге, сату – 519 теңге;
  • Ақтөбе: сатып алу – 510,5 теңге, сату – 520,5 теңге;
  • Қостанай: сатып алу – 515 теңге, сату – 525 теңге;
  • Павлодар: сатып алу – 516 теңге, сату – 522 теңге;
  • Семей: сатып алу – 410,2 теңге, сату – 525 теңге;
  • Талдықорған: сатып алу – 515 теңге, сату – 526 теңге;
  • Шымкент: сатып алу – 519 теңге, сату – 525 теңге.