Жазушылар жаңа әліпбиді қолдады
Жазушылар жаңа әліпбиді қолдады
Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың латын графикасына негізделген әліпбиді жетілдіру бойынша тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалында жазушылар мен ғалымдар арасында әліпби талқыдан өтті. Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шарада Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың тәуелсіз сарапшылармен өткен кездесудегі  ұсыныстары қаралды. Кейбір таңбалардың таза ұлттық мән-мағынасын анықтайтын тұстарына тоқталды. Жазушылар жазу мәніне терең түсіністікпен қарап, үлкен мән берді. Іс-шарада Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Тіл саясаты комитеті төра­ғасының орынбасары Әділ­бек Қаба, «Тіл-Қазына» ұлт­тық ғылыми-практикалық орталы­ғы­ның бас директоры, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иеге­рі Әлібек Асқар, Қазақстан Жазу­шы­лар одағы Нұр-Сұл­тан фи­лиа­лының төрағасы Дәулет­ке­рей Кәпұлы, Қаржаубай Сартқожа, «Алаш» әдеби сыйлығының лау­ре­ты, жазушы Қуаныш Жиен­бай, жазушы Құныпия Алпысбай әліпбидегі кейбір таңбалар төңіре­гін­де ойларын ортаға салды. Жазушыларға қазақ әліпбиі­нің жетілдірілген жобасын та­ныс­тырған «Тіл-Қазына» ұлт­тық ғылыми-практикалық орта­­лы­ғы­ның ғалым хатшысы Анар Фа­зыл­жан: «Ң дыбысы ха­лықа­ралық фонетикалық әліп­би­де бар  таң­ба­сымен берілді. Мысалы: aŋşy, jaŋbyr, köleŋke. Фонетикалық негізіŊ таңбасы мұрын жолды, үнді дауыссыз дыбысты (ң) белгілейді. Ал әдістемелік негізі дегенде ол Ŋ қолды үзбей жазуға ыңғайлы әрі жолүсті таңбаларын көбейтпейді. Сон­дай-ақ кирилнегізді қазақ әліп­биіндегі Ң графикасына ұқ­сас болғандықтан, оған тез дағ­ды­­ланады», – деп ойын ортаға сал­ды. Мәдениет және спорт вице-ми­нистрі Нұрғиса Дауешов: «Тал­қы­лаудың Жазушылар одағы ғи­ма­­ратында өтуі де маңызды. Әліпби – бұл ел ертеңі. Оны жан-жақты талқылап, фонетик ғалым­дар­дың негіздемелері негізінде жасау – бүгінгі күннің басты та­ла­бы. Жазушылар үйі – рухани өмі­­ріміздің қайнаған ордасы. Бұл жер­де рухани шешімдерге же­туге болады. Мына тарихи сурет­тердің өзі де сөйлеп тұр. Алаш қай­раткерлері де осындай орта­да Алаш тағдырын шешкен. Әліп­би­ге ерекше маңыз беріп, жеті рет өлшеп бір рет шешілетін іс. Қазақтың әр қарпінің астарында ұлттық болмыс, қазақты қазақ етіп тұрған қасиеті тұр. Сондықтан да біз әліпби жасауда әр қаріпке дейін жіті көңіл бөліп, талқылап отыр­мыз», – деп ойын түйіндеді. «Біздің қазақ тілі де қыпшақ тіл­дер тобына жатады. Демек, тү­рік бабаларымыз біздің ба­йыр­­ғы тілімізде сөйлеп, сол тіл­­мен империясын басқарып, сол тілмен әлем өркениетіне өз үле­сін қоса білді. Ал жаңа әліпби біз­дің халықтың қажетіне, көптің кә­десіне жарайтындай болғаны абзал. Біз осы жобаны қолдаймыз. Әсіресе, мына Ң таңбасының Ŋ таң­балануы қуантады», – деді жазушы Каржаубай Сартқожа.   Ж.НҰРЛАНҰЛЫ