Оңтүстік Кореяда қалың қар салдарынан бес адам қайтыс болды

Жергілікті метеорологиялық қызметтің мәлімдеуінше, кей жерлерде қардың қалыңдығы жарты метрге дейін жетеді.

Оңтүстік Кореяда екі күннен бері қар тоқтамай жауып, табиғат апатынан 5 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Марқұмдардың үшеуі жол-көлік апатынан, ал қалған екеуі қар тазалау жұмыстары кезінде көз жұмды. Чхонан қаласында жапалақтап жауған ақ ұлпадан зауыттың төбесі құлап түсті. Бірақ ешкім зардап шекпеген.

Ауа райының қолайсыздығынан 93 халықаралық және ішкі әуе рейстер тоқтатылып, 18 тасжол жабылды. Кёнги провинциясында ондаған тұрғын уақытша баспаналарға эвакуацияланды. Елдің 15 аймағында электр жарығы өшіп қалған.

Жергілікті метеорологиялық қызметтің мәлімдеуінше, кей жерлерде қардың қалыңдығы жарты метрге дейін жетеді.