Алматыда бүгін тағы да жер сілкінді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 28 қарашада Астана уақытымен 01 сағат 31 мин жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 318 шақырым жерде орналасқан", – делінген хабарламада.