Жаңаөзенде ер адам полицей мен дәрігерлердің көзінше 4-қабаттан секіріп кетті (видео)

Ер адам әйелімен арада болған жанжалдан кейін өзіне қол жұмсау туралы шешім қабылдаған.

Жаңаөзенде 28 қарашада сағат 17:30-да "Самал" ықшамауданында ер адам төртінші қабаттан секіріп кетті. Полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері ер адамды тежеуге тырысқанымен, бірақ, өкінішке қарай онысынан түк шықпады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеоны әлеуметтік желіде жаппай бөлісіп жатыр.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам әйелімен арада болған жанжалдан кейін өзіне қол жұмсау туралы шешім қабылдаған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, жәбірленуші құмар ойындарға тәуелді болған. Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс тіркеді. Тергеу шаралары қолға алынды, оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деді полициядан.

Белгілі болғандай, ер адам бірнеше жарақат алған, бірақ тірі қалған. Жаңаөзен ауруханасының дәрігерлері оның тағдыры үшін 20 сағат күрескен.

"Бүгінде жағдайы өте ауыр, ӨЖЖ аппаратына қосылған, гемодплазмотрансфузия жүргізіледі. Оның ауыр жарақаттары бар. Сол жақ жамбас сүйегінің ашық сынуы, оң жақ жамбас сүйегінің жабық сынығы, орнынан таю. Жабық бас миының жарақаты. Мидың шайқалуы. Кеуде тұсының жабық жарақаты. Ішкі құрылыс жарақаты, ішкі ағзалардың зақымдануы. Мойында және сол білектің төменгі үштен бір бөлігінің кесілген жарақаты. Сол жақ жамбас еттерінің жыртылуы. Ауыр дәрежедегі травматикалық, геморрагиялық шок", – дейді дәрігерлер.