«Мәдениет туралы» заң жобасын қарайды

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Мәжілістің қарауына бірінші оқы­лымда депутаттар бастамашы болған «Пош­та туралы» заңға өзгерістер мен толық­тырулар енгізу ұсынылды. Бұл өзге­ріс­тер пошта байланысы нарығын дамы­туға, пошта жөнелтілімдерін жет­кізу механизмдерін жеңілдетуге және жетіл­діруге, поштоматтарды орналас­тыру тәртібін нақтылау мен пошта саласындағы уәкілетті органның қыз­метін жетілдіруге бағытталған.

Сонымен қатар Мәжіліске депутат­тар әзірлеген «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер енгізу жөніндегі тағы бір заң жобасын талқылау ұсынылады. Құжат­та қазақ тілін мәдени құндылық ретінде сақтау және қорғау бойынша бірқатар заңнамалық шараны қабылдау көздел­ген. Сонымен қатар жастардың ғылыми және білім беру әлеуетін ынталандыруға бағыт­талған нормалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қал­ған бала­ларға тәлімгерлік инсти­тутын реттеу мә­селе­лері енгізілген.

Мәжіліс күн тәртібінің жобасында дипломатиялық қызмет мәселелері жө­нін­дегі заң жобалары, сондай-ақ Еуразия­лық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер арасындағы Иранмен және Сингапурмен еркін сауда туралы келісім­дерді ратификация­лау туралы заң жоба­лары бар. Екінші оқылымда Әкім­шілік құқық бұзушы­лық туралы кодекске өзге­рістер мен толықтыруларды, сондай-ақ оларды Конституция нормаларына сәй­кес­тен­діру мәселелері бойынша түзету­лерді талқылау ұсынылады.