Қызылорда облысы Сарыарқа ауданында мал бағуға шыққан ер адам адасып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өңірдегі ТЖД таратқан мәліметке сүйенсек, кеше таңғы уақытта жергілікті тұрғын мал бағуға шығып, қайтып оралмаған. Туыстарына ол телефон арқылы қатты тұман салдарынан жергілікті жердегі бағдарын жоғалтқанын және адасып қалғанын хабарлап үлгеріпті.
Құтқарушылар дереу іздеуге шықты.
Төтеншеліктер бүгін таңғы уақытта оны "Бимағамбет" шаруа қожалығынан алыс емес жерде тауып алды.